Қазақстанға Мысырдан келген жолаушылардың 50%-дан астамында ПТР-анықтама жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанға Мысырдан келген жолаушылардың 50%-дан астамында ПТР-анықтама жоқ

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, ұшақпен келген 1 133 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 964 адам, анықтамасыз 169 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 631 жолаушы, анықтамамен - 602, анықтамасыз - 29;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 397 жолаушы, анықтамамен - 258; анықтамасыз - 139;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 1;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 54 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, 115 жолаушы карантин стационарында тест сынамасының нәтижелерін күтуде.

«Мысыр елінен Нұр-сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған»,-делінген хабарламада.