Қазақстанға Нью-Йорктен Орыс Православ шіркеуінің ең көне иконаларының бірі әкелінеді

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - 19-23 қыркүйек аралығында Қазақстанға Орыс Православ шіркеуінің ең көне иконаларының бірі әкелінеді. Құдай Ананың «Знамение» Ежелгі курскілік иконасы Мәскеу және бүкілресейлік патриарх Кириллдің батасыменен Астана, Қарағанды және Алматыда болады.

Қазақстанға Нью-Йорктен Орыс Православ шіркеуінің ең көне иконаларының бірі әкелінеді

Құдай Ананың «Знамение» Ежелгі курскілік иконасы Орыс шетел шіркеуінің басты құндылығы болып табылады. Ол өзінің негізгі орны Нью-Йорктегі Архиерейский Синоданың басты ғибадатханасынан ара-тұра шет елдерге шығарылып тұрады. Иконаның жеткізілу рәсімі әр өңірде епископтар мен Америка, Батыс Еуропа және Ресейдің архипастырьларының діни литургияларымен өтетін болады. Әр қалада ғажап бейне қойылған шіркеудің есігі тәулік бойы ашық болады.