Қазақстанға оралып жатқан қазақ жастары көп - омбылық танымал сәнгер

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Біз - ресейліктерміз» тобында омбылық танымал сәнгер Ермек Хапизов тарихи Отандарына оралып жатқан қазақтардың қарасы көптігін жазды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтында хабарланды.
None
None

Хапизовтың айтуынша, олар Қазақстанда отбасын құрып, жұмысқа орналасуда. Солайша, Сібірдегі жерлестеріне үлгі болып отыр.

«Астанаға келген сайын, Қазақстан елордасының даму қарқынына таңданамын. Күннен-күнге гүлденіп келе жатқан астанамен бірге бүтін ел де даму үстінде. Ресей қазақтары бұл жарқын өзгерістерді көруде және жыл сайын бір ғана Омскі облысынан Қазақстанға жүздеген жастар оралуда. Мұнда олар білім алуда, жұмысқа орналасып, отбасын құрып жатыр. Ондай мысалдарды жүздеп келтіруге болады. Олардың барлығы омскілік қазақ жастарын тарихи Отандарына оралуға жігерлендіруде. Қазақстанның әрбір жетістігіне біз шын жүректен қуанамыз», - деп жазады Хапизов.

Хапизов бұл сөздерін Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде де айтқан болатын. Сәнгер халықаралық шараға белсенді қатысып, тіпті ресейлік павильонның делегациясы үшін киім үлгісін тіккен болатын.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар