Қазақстанға ресейлік мигранттардың тағы бір легі келуі мүмкін бе

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде Қазақстанға келуі мүмкін ресейлік мигранттар жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен ол елдің азаматтарының ойында не бар екенін білмеймін. Біз оған болжам да жасай алмаймыз. Сіздер ресейліктердің алғашқы легі келген кездегі жағдайды білесіздер. Келсе, күтіп аламыз», - деп жауап берді Айбек Смадияров журналистердің сауалына.

Еске салайық, былтыр 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады.

Осыған орай ресейліктер шекаралас мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да жаппай ағыла бастады.

Қоса кетейік, бұған дейін Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасында орнауы мүмкін визасыз режимге түсінік берген болатын.


Соңғы жаңалықтар
telegram