Қазақстанға саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі - поляктар

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Польша туризм саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Дәл осы сала еуропалық мемлекетке миллиондаған еуро пайдаға кенелтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстанға саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі - поляктар

Соңғы мәліметке қарағанда, туризмнің үлесі Польшаның жалпы ішкі өнімінің 6 пайызын құрайды. Бұл секторда 700 мыңға жуық адам еңбек етеді. Қазақстан үшін де туризмді дамыту - басты бағыттардың бірі.

Поляк туроператорлары еліміздің шипажайлы орындарының әлеуеті жоғары екенін айтып, ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіріп отыр. Олардың дерегіне сүйенсек, қазақ жеріне саяхаттайтын еуропалықтардың үштен бір бөлігі - поляктар. 

«Туризмді дамыту үшін бізде арнайы бағдарламалар дайындалып, жүзеге асырылды. Қазір әлемнің көптеген елдерінде Польшаның туристік кеңселері жұмыс істейді. Біз тұтынушыларға алуан түрлі туристік өнімдер ұсынып келеміз. Ал Қазақстанға келетін болсақ, Варшава-Астана тікелей әуе рейсі ашылғаннан бері сіздің елге барушы поляк саяхатшылары 30 пайызға артты», - Поляк туристік палатасының президенті Павел Нивядомски.

Осы санат бойынша «Қорғас» бекеті арқылы өтетін экспорт пен импорт көлемі 386 мың тоннаны құрады.