Қазақстанға Шавкат Мирзиёев келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елорда әуежайында бірқатар халықаралық шараға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке (12-13 қазан), ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына (14 қазан) және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне (14 қазан) қатысады.
Фото: t.me/KZgovernment