Қазақстанға шет елден ПТР анықтамасыз 481 жолаушы келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізге келген авиажолаушылардың 82%-дан астамында ПТР анықтамасы болған деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанға шет елден ПТР анықтамасыз 481 жолаушы келген

13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 734 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам келді. Олардың барлығы ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантиндік стационарда нәтиже шыққанша күтті.

Айта кетерлігі, 12 желтоқсанда анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетті.