Қазақстанға шет мемлекеттерден келгендердің барлығында анықтама болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 24 мамырында Қазақстанға Германия, БАӘ, Франция, Түркия, Грузия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен тәулікте 3 301 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 607 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 976 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 517 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 201 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.