Қазақстанға шетел жұмысшыларын тарту квотасы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен ҚР шетел жұмысшыларын тарту квотасы анықталды. Ол 0,7 пайыздық көлемде, халықтың экономикалық белсенділігінің 63 мың бірлігін құрайды. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлап отыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті хабарлағандай, шетелдік жұмыс күшін тарту мақсаты сыртқы нарықтың қорғалуын қамтамасыз етеді. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту мөлшері 45 мың бірлікке азайды.
2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға келсек, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен қазір Қазақстан Республикасының аумағында 23,7 мың шетелдік азамат жұмыс істейді. Олардың ішінде: жетекшілер мен олардың орынбасарлары - 1754 адам; салалық бөлімшелердің жетекшілері - 5066 адам; мамандар - 11060 адам; білікті мамандар - 5609 адам. Сондай-ақ, мерзімдік ауыл шаруашылық жұмыстарына 239 адам тартылған.
Айта кетейік, білікті мамандардың қамтылуы индустриялық-инновациялық, экономикалық секторлардың үлесімен жүзеге асады.