Қазақстанға шетелден бір тәулікте 1 мыңға жуық адам ұшып келді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 992 жолаушы ұшып келген. Олардың 845-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 147 адам келді, барлығы ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, барлығы 449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125;
- Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз - 20;
- Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз - 1;
- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 147 азаматтың барлығында тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген мәліметте.