Қазақстанға шетелден келген 738 азаматтың ПЦР анықтамасы жоқ болып шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 желтоқсанда шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасына сілтеме жасап.
2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив аралдары, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді.
2 832 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 094 адам, анықтамасыз 738 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс келіп қонды. Онда 1 243 жолаушы болды, олардың 928-і анықтамамен, 315-і анықтамасыз келді.
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс келді, Ондағы 1 589 жолаушының 1 116-сы анықтамамен, 423-і анықтамасыз келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 28 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 738 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.