Қазақстанға сырттан келгендердің қаншасы ауылға қоныстанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы үш айда Қазақстанға 7,7 мың адам келді, бұл өткен жылғыдан 87% жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанға сырттан келгендердің қаншасы ауылға қоныстанды

finprom.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп жазуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 7,7 мың адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 87% жоғары. Оның ішінде қалаларға – 5,5 мың адам (бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,2 есе жоғары), ауылдарға 2,2 мың адам келді (бір жыл бұрынғыдан 33,3% көп).

Одан бөлек, елден 2,7 мың адам көшіп кетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,6% аз. Оның ішінде қаладан кеткендер саны бір жылда 53,6%, 2 мыңға дейін, ауылдан кеткендер 29%, яғни 620 адамға дейін азайды.

Қоныс аударушылар көбіне Маңғыстау облысына келген – 1,5 мың адам, оған қоса жылына 10,6%. Көшіп келушілер үшін танымал өңірлер Алматы (1,4 мың адам, жылына өсім 2,3 есе) және Алматы облысы (791 адам, жылдық өсім 2 есе). Ал Қызылорда облысына қоныс аударушылар аз, жыл басынан 4 адам ғана келді.

Жыл басталғалы Қостанай облысынан 488 адам кетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,3% аз. Одан әрі Қарағанды (263 кетті жылына минус 61,4%) және Солтүстік Қазақстан (253 адам, минус 39,9%) облыстары тұр. Халқы ең аз көшетін өңір – Қызылорда облысы, жыл ішінде 6 адам қоныс аударған.