Қазақстанға тиесілі Батуми порты мен мұнай терминалы мұнай өткізу көлемін арттырмақ

БАКУ-ТБИЛИСИ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Батуми портының мұнай терминалы мұнай өткізу көлемін өткен жылғы 5 190 мың тоннадан 5 215 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
None
None

Бұл туралы Batumi Industrial Holdings Ltd. Бас директоры Талғат Байтазиев мәлім етті.

«Өткен жылы Батуми мұнай терминалы арқылы 5 190 мың тонна мұнай жөнелтілді. Биылғы жоспар 5 215 мың тоннаны құрайды», -дейді Т. Байтазиев.

Бас директордың айтуынша, бүгінде терминал мұнайдың және мұнай өнімдерінің 22 түрін өткізуге қауқарлы. Бұл оның қара теңіз терминалдарына қарағанда басты артықшылығы болып саналады. «Кулеви мен Батуми порттарының терминалдары арасында казақстандық мұнайды үлестіру көлемі шамамен 70 және 30 пайызды құрайды», - деп нақтылады Т. Байтазиев.

Оның сөзіне қарағанда қазіргі уақытта Батуми мұнай терминалы Қашаған кен орнынан мұнай тасымалдау мәселесін белсенді түрде талқылауда.

Еске сала кетейік, Batumi Industrial Holdings Ltd «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 100 пайыз еншіліс кәсіпорны. Batumi Industrial Holdings Ltd құрылымында Батуми мұнай терминалы мен Батуми теңіз порты бар.

Соңғы жаңалықтар