«Қазақстанға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші халықтан кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Serebro тобының әншісі Ольга Серябкина Қазақстан халқының ренішін тудырды. Ол Life телеарнасында тікелей эфирде «Қазақстанға түкіргенім бар» деп қалған. Осыдан соң әншінің Инстаграмдағы парақшасына қарсы пікірлер қарша бораған.

«Қазақстанға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші халықтан кешірім сұрады

«Бүкіл Қазақстанның саған түкіргені бар», «Ешқашан Қазақстанға келме!» деген сынды пікір жазған әншіге әлеуметтік желі қолданушылары.

Сондай-ақ, тыңдармандар әншінің Қазақстанда концертін қоюға байкот жариялау туралы ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, Ольга Серябкина мен Екатерина Кищук Mortal Кombat ойынын ойнап отырып, желі қолданушыларының сұрағына жауап  беру керек болған. Бағдарлама жүргізушісі «Қазақстан...» деп басталатын сұрақты қоя бергенде, әнші «Қазақстан? Қазақстанға түкіргенім бар...» деп қойып қалған.

 

Кейінірек әнші өз сөзіне өкініп, Инстаграмдағы парақшасында қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

Видео опубликовано SEREBRO (@serebro_official) Фев 10 2017 в 3:30 PST