Қазақстанға тұмау вирусына қарсы «Реленза» дәрісінің 100 мың қорабы жеткізілді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Елімізге өткен аптада тұмау вирусына қарсы «Реленза» дәрісінің 100 мың қорабы  жеткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай «Реленза» мен «Тамифлю»  дәрілері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан пандемиялық тұмауды емдеу үшін негізгі дәрілер ретінде ұсынылған болатын.

«Қазақстан тұрғындарын маусымдық және  пандемиялық тұмаудан емдеуге жеткілікті дәрі жеткізілді. «Реленза» еліміздің барлық дәріханаларына жақын арада таратылып беріледі. Дәрінінің құны денсаулық сақтау министрлігі белгілегендей 4 мың теңге болады» дейді  «GlaxoSmithKline» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Аян  Иманалин.

Соңғы жаңалықтар