15:56, 21 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазақстанға Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді
АСТАНА. KAZINFORM - Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.
Осыған дейін Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтетіні туралы хабарладық.