Қазақстанға үй қабырғасына қажетті заманауи технология келді

АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақстанға үй қабырғасын тұрғызуға қажетті ең соңғы заманауи жабдықтар келді. Бүгін Алматыда «Пери» құрылыс компаниясы үйдің негізін құраушы қазіргі замануи материалдарды таныстырды.

Қазақстанға үй қабырғасына қажетті заманауи технология келді

Компания президенті Владимир Кузьминнің айтуынша, Қазақстандағы құрылысқа көп жағдайда заманауи жабдықтар қолданылмайды. «Мен Қазақстандағы құрылыстың «балалар жөргегінен» шығып, әлемдік деңгейге жеткенін қалаймын. Сондықтан жаңа жабдықтарды Қазақстанға әкелуді жөн көрдік», - деді ол.

Бүгін ол таныстырған құрылыс материалдары жеңіл, жылдам пайдалануға ыңғайлы. Естеріңізге сала кетейік «Пери» компаниясы 1969 жылы құрылған болатын.