Қазақстанға заңсыз алма тасыған Беларусь кәсіпкеріне айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гродно (Беларусь) қаласының кәсіпкері Қазақстанға заңсыз алма жеткізумен айналысқаны үшін ірі көлемде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады БЕЛТА.

Қазақстанға заңсыз алма тасыған Беларусь кәсіпкеріне айыппұл салынды

Гродно аймақтық кедені облыстық атқару комитеті ІІБ экономикалық қылмыспен күрес басқармасымен бірлесіп жеміс-көкөніс өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 97 фактісін ашты. Жеке кәсіпкер заң талаптарын бұзып, Қазақстанға алма жеткізіп келген.

Аталған фактілер бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. Гродноның экономикалық соты жеке кәсіпкерге тапқан пайдасын тәркілеумен қатар, 8 млрд-тан астам беларуьс рублі (Br) көлемінде айыппұл салды.