Қазақстанға жақын жерде Қырғызстанның егіс алқаптары су астында қалды (ФОТО)
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыздың Талас облысы Манас ауданы Покровка ауылындағы Киров су қоймасында апаттық су жіберу салдарынан ауыл шаруашылық алқаптары су астында қалды, деп хабарлайды «Turmush» ақпараттық агенттігі.
Талас өзенінің Қазақстанға өтер тұсында су арнасына шығып кетіп, ауыл шаруашылығы жерлерін су басты. Жергілікті дихандардың айтуынша, Талас өзенінде су деңгейінің көтерілуі 4 күн бұрын басталған. Алғашқы күні өзен арнасынан шыға бастағанда шаруалар өз күштерімен жағаны биіктетіп, су жайылмайтын бөгеттер тұрғызған.
Покровка ауылының тұрғындарының айтуынша, Киров су қоймасынан жіберілген судың көптігінен маңайға жайылып кетуіне себепші болған. Осы ауылда 100 гектарға жуық алқап егіледі. Қазіргі уақытта мамандар су астында қалған жерлердің көлемін есептеуде.
Бұған дейін облыстық Су шаруашылығын бассейндік басқару басқармасының басшысы Болот Батыркулов Талас облысындағы Киров су қоймасындағы су деңгейі ең жоғары су жіберу нәтижесінде біршама төмендеген.
Су қоймасының жалпы көлемі - 550 млн текше метр. 18 маусымға дейін бұршақ және жауын-шашынның көп болуы мен мұздықтардың күрт еруі салдарынан қоймадағы су деңгейі ең қауіпті көрсеткішке - 548 млн текше метрге жеткен.