Қазақстанға жаңбыр мен дымқыл қар келеді: бүгін қай қалаларда күн суытады

АСТАНА. KAZINFORM — 5 қарашада Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен дымқыл қар жауады. Ал Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатыны белгілі болды.

Қазақстанға жаңбыр мен дымқыл қар келеді: бүгін қай қалаларда күн суытады
Фото: Kazinform\ЖИ

Астанада: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +7…+9°C.

Алматыда: күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C.

Шымкентте: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын жаздық. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі, найзағай ойнап, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ пен үсік болуы мүмкін. Сонымен қатар елдің бірнеше облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.