Қазақстанмен өңірлік қауіпсіздік мәселелерде ұстанымымыз ортақ - Пәкістан мемхатшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Техмина Джанджуа ҚазАқпараттың өңірлік тілшісі Арнұр Рахымбековке эксклюзивті комментарий берді.

Қазақстанмен өңірлік қауіпсіздік мәселелерде ұстанымымыз ортақ  - Пәкістан мемхатшысы

«Ең алдымен Пәкістан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін қатаң айыптайды. Бұл тұрғыда біздің ұстанымымыз Қазақстанмен ұқсас және  екі елдің арасындағы еіжақты ынтымақтастық рет-ретімен дамып келеді. Біз Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтау бүкіл өңірдік қауіпсіздігі үшін барынша маңызды деп санаймыз. Бұл бағыттағы Қазақстан басшылығының күш-жігерін оң бағалаймыз», - деді Техмина Джанджуа.

Оның пайымынша, біздің елдеріміздің бірлескен амалдары мен бітімгершілік күш-жігері көрші елдегі қауіпсіздік проблемаларын шешуге септігін тигізетін болады.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы лаңкестікке қарсы саладағы қазақстандық-пәкістандық ынтымақтастықты да атап өткім келеді», - деп жалғады сөзін Пәкістан СІМ-нің мемлекеттік хатшысы.