Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруды жалғастыру керек – Си Цзиньпин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы «Жібек жолы экономикалық белдеуін» бірлесе салу бастамасына он жыл толады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруды жалғастыру өте маңызды. Келесі жылы мен Қазақстанда ұсынған «Жібек жолы экономикалық белдеуін» бірлесіп салу бастамасына тура 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы теориялық дамудан практикалық іске асыруға көшті», - деп жазды Си Цзиньпин.
ҚХР Төрағасы атап өткендей, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы өзін халықаралық ынтымақтастықтың инклюзив және ашық алаңы ретінде, әлемдік қауымдастықтың жалпы қолдауына ие болған халықаралық қоғамдық игілік ретінде көрсете алды.
«Ковидтан кейінгі кезеңде біздің елдеріміз инвестициялық және сауда рәсімдерін оңайлату, бақылау-өткізу бекеті мен транзиттік тасымалдардың өткізу мүмкіндіктерін ашу, жасанды интеллект, ауқымды деректер, цифрлық қаржы, электронды коммерция, жасыл энергетика сияқты салаларда жаңа өсу нүктелерін дамыту мақсатында «Бір белдеу – бір жол» бірлескен жобасында әрі қарай алға жылжуы тиіс. Біз тұрақты даму үшін жоғары стандарттарды қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып, прагматикалық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеріп, жаһандық даму жөніндегі бастаманы іске асыруға ықпал етуіміз қажет және әлемдік экономиканы қалпына келтіруге ортақ үлесімізді қосуымыз керек», - деп есептейді Си Цзиньпин.
Еске салсақ, Қытай басшысы 14 қыркүйек күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Фото:imgur.com