Қазақстанмен шекарадағы «Қарқыра» кеден бекеті уақытша қызметін тоқтатты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - «Қарқыра - автожол» (Қырғызстан) - «Кеген-автожол» (ҚР) бақылау-өткізу бекеті (БӨБ) уақытша қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Кабар агенттігі Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанмен шекарадағы «Қарқыра»  кеден бекеті уақытша қызметін тоқтатты

2018 жылдың 31 қазанынан бастап БӨБ-та жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді шекарадан өткізу тоқтатылды. «Қарқыра» өткізу бекеті өз жұмысын 2019 жылдың 1 мамырынан қайта бастайды.

БӨБ Қырғыз-Қазақстан учаскесінде мемлекеттік шекарадағы маусымдық өткізу бекеті болып саналады және адамдарды мамыр-қазан аралығында өткізуді жүзеге асырады. Шекара бекеті Ыстықкөл облысы Тюпск ауданында орналасқан.