Қазақстаннан 10 млн теңгені заңсыз әкетіп бара жатқан Қытай азаматы ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстаннан декларацияланбаған 10 млн теңгеден астам қолма-қол ақша әкетіп бара жатқан Қытай азаматы қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекетітк кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан 10 млн теңгені заңсыз әкетіп бара жатқан Қытай азаматы ұсталды

«Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО бақылау өткізу пунктінде 1969 жылы туған ҚХР азаматын ұстады. Тінту кезінде азаматтан декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша табылды» делінген хабарламада.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.