Қазақстаннан 325 босқын пана тапқан

Бүгінгі күнде Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады, деп хабарлайды Kazinform.

босқын
Фото: gov.kz

Республика аумағын паналаған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

«1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы „Босқындар мәртебесі туралы“ конвенциясына (бұдан әрі — Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.

Қазіргі уақытта республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған», — деп жазды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ведомство жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.