Қазақстаннан 5,5 мыңға жуық азамат қажылыққа барды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Қазақстаннан 5,5 мыңға жуық азамат қажылыққа аттанды. Бұл туралы бүгін Астана қаласының бас имамы Қалижан Заңқоев айтты.
None
None

«Құрбан айты Рамазан айынан да үлкен мереке десек біз қателеспейміз. Өйткені бұл күндері бүкіл адам баласы Алла Тағаланың өзіне берген нығметінен, байлығынан басқа жоқ-жітіктерге, міскіндерге, тек қана жоқ-жітіктерге ғана емес бүкіл көрші-қолаң, ағайын-туысқа қонақжайлық көрсететін, қайырымдылық, жақсылық жасайтын күндер екендігін айта кеткеніміз жөн», - деді ол.

Осы ретте Құрбан айт сонымен қатар бүкіл әлем мұсылмандарының қаиетті Меккеге барып өздерінің исламдағы 5 парызының бірі қажылықты өтейтін уақыты екендігін де еске салған Қ.Заңқоевтің атап өтуінше, елімізден 10 қазаннан бастап 5,5 мыңға жуық азамат қажылыққа аттанып кеткен. Ол жақта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық миссиясы жұмыс істеуде. Барған қажыларымызға барлық жағдай жасалуда.

«Сауд Арабиясы елінің Қажылық миссия министрлігі қазақстандық азаматтарға 600-дей арнайы автобустар бөлген. 8 тілде қызмет көрсетуде. Әрине, бізде бүкіл мешіттерімізде қажылыққа ниет еткен кісілерге 2 апта арнайы дәрістер өткіздік», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар