Қазақстаннан АҚШ-қа оралған Головкин жаттығуын жалғастырып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Big Bear лагерінде белсенді жаттығуларды қайта жалғастырды, деп хабарлайды Sports.kz. 

Қазақстаннан АҚШ-қа оралған Головкин жаттығуын жалғастырып жатыр

Еске салайық, WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы өз командасымен бірге АҚШ-қа келді. GGG Алматыда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасуға келіп, жаттығуды үзе тұруға мәжбүр болған еді.

Сондай-ақ, ол Мәскеудегі Дүниежүзілік бокс суперсериясының финалына қатысып, Александр Усикпен жұдырықтасқан Мурат Гассиевке қолдау білдірді. Айқас төрешілердің бірауыздан шешімімен Усиктің жеңісімен аяқталды.

Головкиннің ВКонтактедегі ресми тобы Big Bear лагерінен сурет жариялады. Онда отандық боксшы мексикалық Сауль Альвареспен екінші жекпе-жекке дайындық аясында жаттығуларды қайта жалғастырды. Суреттердің бірінде қазақстандық боксшы Абель Санчестің жаңа тәрбиеленушісі Джо Джойспен бірге түскен.

GGG - «Канело» рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.