Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қалаларына тікелей әуе рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін

Осы жұмыс аясында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінде (Вашингтон қаласында) қос тараптың қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Келіссөз барысында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.

null