Қазақстаннан алғашқы компания гендерлік теңдік сертификатын алды

гендерлік теңдік
Фото: facebook.com/EDGECERT

АСТАНА. KAZINFORM - KazFoodProducts Қазақстанда бірінші болып EDGE гендерлік теңдік сертификатын алды. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарланды. 

KazFoodProducts агроөнеркәсіптік холдингі EDGE гендерлік теңдік сертификатын алды.

Құжат жеке секторда гендерлік инклюзивті жұмыс орындарын ынталандыру бойынша нұсқаулық пен стандарттарды белгілейді.

KazFoodProducts компаниялар тобы осы сертификаттаудан өткен Қазақстандағы бірінші компания болды.

Еңбектегі гендерлік теңдіктің халықаралық стандарттарына сәйкестігі бойынша топ мүшелері саналатын «Баян Сұлу» АҚ, «АзияАгроФуд» АҚ, «Биоперейшнс» ЖШС, «EMC agro» ЖШС және басқарушы компания «KazFoodProducts» ЖШС марапатталды.

Компания 1998 жылы құрылған және бүгінде Қазақстандағы жетекші агроөнеркәсіптік холдингтердің бірі.

Холдинг 5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып, ішкі нарықта сатылатын, сондай-ақ Бразилия, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Қытай және Орталық Азия елдеріне экспортталатын өнім шығаратын 20 еншілес кәсіпорыннан тұрады.

EDGE сертификатының иегерлері арасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік банк тобы, IFC, ЮНИСЕФ, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Chevron, IKEA, UniCredit, сияқты әлемдік экономикалық брендтер бар.

Deloitte және басқа да көптеген халықаралық ұйымдар гендерлік теңдікті өз қызметіндегі басты басымдық деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram