Қазақстаннан барған 5 жасар бала Біріккен Араб Әмірліктерінде көз жұмды - БАҚ

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстаннан барған 5 жасар бала Шардже (БАӘ) қаласында қаза тапты. Жергілікті полицияның берген ақпаратына сүйенсек, бала қонақ үйдің 4 қабатынан құлап кеткен.

Қазақстаннан барған 5 жасар бала Біріккен Араб Әмірліктерінде көз жұмды - БАҚ

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» газетіндегі (автор Павел Воронин) «Отдых со смертельным исходом» атты мақалада  жазылды.

 3 және 5 жасар екі баласы бар отбасы Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа келіп, Radisson Blu қонақ үйіне тоқтаған. Хабарланғандай, қайғылы оқиға өткен жұмада көптеген адамдардың көзінше болған.

- Бала бас сүйегіне келген зақымның және ішкі құрылыстарына қан кету салдарынан көз жұмды. Ол ауруханаға барар жерде жедел-жәрдем көрсету көлігінің ішінде үзілді. Қаза болған баланың ата-анасы қонақ үйден кетіп, Дубайға келді. Олар қазақстандық елшілікпен хабарласып, енді баланың мәйітін күтуде, - деген жергілікті полиция қызметкері арабиялық Gulf News газетіне. - Біз әлі де оқиғаның қалай болғанын анықтау үстіндеміз. Мүмкін бұл ата-ананың қадағаламауынан болған шығар. Оған қоса біз қонақ үй бөлмесінің қауіпсіздігін де тексеріп жатырмыз, - деп хабарлады 7 Days in Dubai газетіне тәртіп сақшысы.

Айта кетейік, өткен жылы Шардже қаласында осыған ұқсас бірнеше оқиға орын алған. Қараша айында 4 бала биіктіктен құлап, көз жұмды. Осы оқиғалардан кейін қаланың муниципалитеті қаулы қабылдаған болатын, соған сәйкес 1,2 метр биіктікте орналасқан жаңа ғимараттардың терезелері тек 10 см-ге ғана ашылуы тиіс. Сондай-ақ балкондар мен дәліздерді қойма ретінде пайдалануға тиым салынған.