Қазақстаннан экспортталатын дизель отынының 51 пайызы Өзбекстанға тиесілі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстан Кеден одағы аясындағы мәліметтерді есепке алмағанда, 131,8 млн. долларды құрайтын 182,9 мың тонна дизель отынын экспорттады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда мөлшері жағынан 14,8 пайызға, бағасы жағынан 18,2 пайызға артық. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің таратқан мәліметінде қамтылып отыр.
Тоқтала кететін жайт, статистикалық мәліметтерге қарағанда Қазақстан Нидерландыға 2013 жылы 32,7 млн. долларды құрайтын 87,8 мың тонна дизель отынын экспорттаған. Бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 7 есеге артық болып табылады.
«Қазақстаннан дизель отынын ең көп сатып алушылар арасында Өзбекстан - 51,3 мың тонна және Финляндия - 41,7 мың тоннаны құрап отыр», - делінген статистикалық ақпаратта.