Қазақстаннан экспортталатын тауарлар 23 пайызға қымбаттады
Өткен жылдың қаңтар-қарашасында 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда шетелге экспортталатын тауарлар 23,5 пайызға, импортталатын тауарлар - 7,2 пайызға артқан.
Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға - 32,2 пайыз, табиғи газға - 25,3 пайыз, марганец кендеріне - 23,1 пайыз, темір кендеріне - 19,7 пайыз, мысқа - 17,1 пайыз, ферроқорытпаларға - 14,9 пайыз, қара металл прокатына - 12,6 пайыз, көмірге - 8,6 пайыз, жоғарылады. Мырышқа керісінше, 7,6 пайыз, қорғасынға - 12,4 пайызға төмендеді.
Сондай-ақ бағаның арпаға - 19,2 пайыз, мақтаға - 9,3 пайыз, бидайға 16,8 пайызға жоғарылағаны тіркелді. Жүннің құны 4,2 пайызға арзандаған.
Импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар - 59,4 пайыз, құс еті - 29,2 пайыз, балық - 15 пайыз, қант -13,4 пайыз, көкөністер - 11 пайыз, шай - 10,1 пайыз, маргарин - 4,2 пайыз, фармацевтикалық өнімдер - 3,4 пайыз қымбаттады. Ал какао 1,6 пайызға арзандай түскен.
Аяқ киімдер - 27,9 пайыз, құрылыс материалдары - 19,4 пайыз, пластмасса - 13,9 пайыз, тоқыма бұйымдары - 13,1 пайыз, қағаз - 13 пайызға қымбаттады.
Автор: Асхат Ахметбеков