Қазақстаннан Еуропаға жаңа әуе рейсі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамыр айының соңынан бастап Қазақстан - Литва бағытында жаңа әуе рейсі ашылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан Еуропаға жаңа әуе рейсі ашылады

«Қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы 2018 жылдың 27 мамырынан бастап Астана-Вильнюс (Литва) жаңа әуе бағытында ұшуды жоспарлап отыр. Әуе рейстері аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері Boing 737 типіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады», - делінген комитеттің Фейсбукте жарияланған хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша әуе билеттері сатылымға шығып қойған.