Қазақстаннан Қырғызстанға бидай кебегі жүкқұжатымен 43 тонна қант өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Заң бұзушылар Қазақстаннан Қырғызстанға бидай кебегі деп 43 тонна қант өткізбек болған, деп хабарлады сенбіде КирТАГ Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің жұртшылықпен байланыс және БПҚ бөліміне сілтеме жасап.

Қазақстаннан Қырғызстанға бидай кебегі жүкқұжатымен 43 тонна қант өткізбек болған

22 қаңтарда Қырғызстан азаматтары екі көлікпен Чон-Капка-автодорожный» (КР) өткізу пунктіне келіп, салмағы 44 тонна бидай кебегінің жүкқұжатын көрсеткен, делінген хабарламада.

Көлікті тексеру барысында шекарашылар бидай кебегінің орнына салмағы 43 тонна 625 келі қант тәркілеген. Декларацияланбаған тауар құны шамамен 2 млн сомды құрады.