Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Рубцовск қаласында жергілікті кәсіпкерге қатысты сот болды. Ол Қазақстаннан шамамен 81 мың литр мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды barnaul.me.

Қазақстаннан мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған ресейлік кәсіпкер сотталды

Бизнесмен «Алтай шикізат компаниясының» директоры қызметін атқарған. Ер адам қылмыстық әрекеттер жасап жүргенін, мұнай өнімдері стратегиялық маңызды ресурстарға жатқызылатынын білген.

Тасымалданған тауарға жалған құжаттар әзірленген. Сол арқылы ол Қазақстаннан құны 2 млн. 300 мың рубльден асатын отынды тасымалдаған. Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.