Қазақстаннан Ресейге оқ пен қару алып өтпек болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарашылары Қазақстан-Ресей шекарасынан оқ және қару алып өтпек болғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
«Құрманғазы авто» өткізу бекетінде Қазақстаннан Ресейге «Митсубиси Галант» көлігімен кетіп бара жатқан 25 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол шекарадан ешқандай рұқсат құжатсыз оқ және травматикалық тапанша алып өтпек болған.
Дәл осы күні Оралдағы шекара отрядына қарасты «Сырым авто» өткізу бекетінде тағы екі қазақстандық азамат ұсталды. Олар мінген «Тойота Ланд Крузер» көлігін тексеру барысында, жүк салғыштан 12 мм 50 оқ және аңшы мылтығы табылды.