Қазақстаннан шетелге жіберілген қаржы көлемі бір жылда 26%-ке артты

Осы жылғы 6 айда Қазақстаннан шетелге түрлі жүйелер арқылы 203,3 млрд теңге аударылған немесе бұл өткен жылғы қаңтар-маусымдағы көлемнен 25,8%-ке көп. Аударымдардың жалпы көлемі 1,2 млн транзакция - бұл өткен жылғы деңгейден 21%-ке жоғары.
Еске салсақ, 2016 жылғы 1 жартыжылдықта шетелге ақша аударымдарының саны 15,1%-ке қысқарып, кемі 1 млн транзакцияны құраған. Аударымның орташа сомасы 4%-ке, транзакцияға 175,5 мың теңгеге дейін өсті.
Нарық көшбасшысы - «Алтын тәж» жүйесі, - өз үлесін белсенді арттыруды жалғастыруда. Ағымдағы жылы қаңтар-маусымда осы жүйе арқылы 32,3 млрд теңге аударылды немесе бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда, 53,7%-ке жоғары болды. Нәтижесіне нарықта «Алтын тәждің» үлесі 34,1%-тен 45,4%-ке дейін артты. Ақша аударымдары көлемінің өсімі бойынша екінші орында - Юнистрим тұр. Бұл жүйе арқылы 11,6 млрд теңге аударылған немесе 2016 жылғы 6 аймен салыстырғанда 87%-ке жоғары.
Нарықта Юнистримнің үлесі бір жылда 8,2%-тен 12,3%-ке дейін ұлғайды. Осы жылы аударымдар көлемінің өсімі бойынша елеулі нәтиже берген үшінші Faster - ҚР-дан шетелге аударылған сома 3,3 млрд теңгеге немесе 33,4%-ке артты. Нарықтың ең ірі ойыншыларының бірі - Western Union жүйесінде биыл аударым көлемдерінің елеулі азайғаны байқалады. Ол арқылы жасалған транзакция көлемі 5 млрд теңгеге немесе 13,4%-ке қысқарды.
Оператордың үлесі бір жыл бұрынғы 23,2%-тен 16%-ке дейін қысқарды. «Алтын тәж» - көш бастап тұр. Бір жылда транзакция мөлшерінің өсім көрсеткіші 92 мыңға немесе 22,4%-ке артты. Екінші орында Юнистрим, операция саны 69,5 мыңға, екі есеге өсіп, 145,9 мыңды құрады. Үштікті Western Union жабады, онда транзакция саны 22,7 мың, бір жыл бұрынғыға қарағанда, 18,3%-ке жоғары.