Қазақстаннан жолаушылар 87 халықаралық бағдар бойынша сапарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аптасына Қазақстаннан 458 халықаралық рейстер орындалады. Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.
None
None

«Біздің әуежайлар мен әуе компанияларды дамыту авиациялық байланыстардың географиясын кеңейтетіні анық. Жалпы қазақстандық әуе компанияларымен жолаушыларды тасымалдаудың өсу қарқыны жыл сайын 10-11 пайызды құрап отыр. Мәселен, 2013 жылы Қазақстанның әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 5 миллионды құраса, 2014 жылы - 5,5 миллион, ал биылдың бірінші жартыжылдығында 2,6 миллион адамға жетті»,- деді комитет басшысы.

Б. Сейдахметовтің сөзіне қарағанда, жалпы Қазақстаннан 87 халықаралық бағдар бойынша тасымалдаулар жүргізіледі. Оның ішінде 52-сі ТМД елдеріне, тоғызы ЕО-ға, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне - 11 бағдар, ал Таяу Шығысқа - 15 бағдар қамтылған.

Екі қазақстандық әуе тасымалдаушылар 57 бағдар бойынша халықаралық тасымалдарды жүзеге асырса, 28 шетелдік әуе компаниялары 54 бағдар тұрғысында халықаралық тасымалдарды атқаруда.

«Жалпы аптасына Қазақстаннан 458 халықаралық рейстер орындалса, күніне 65 рейс жүзеге асырылады»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар