21:49, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Жетісу, Алматы облыстарында нөсер жауын жауады, сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында қар және жауын жауады.
12 наурыз күні Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады.