Қазақстанның 16 облысы мен Астанада найзағай ойнап, бұршақ жауады – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — 10 мамырда Қазақстанның 16 облысында және елордада найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап Kazinform агенттігі хабарлады.

күн күркірейді
Фото: Pexels

Астана қаласында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы қаласында түнде найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел найзағай кезінде 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шымкентте де өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысында күндіз бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Жел батыс пен солтүстік-батыста, орталықта 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақмола облысында солтүстікте, оңтүстікте және орталықта күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Түнде және күндіз облыстың көп бөлігінде найзағай болады. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде найзағай, солтүстікте тұман күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында солтүстік пен шығыста найзағай, жел 15–20 м/с. Оңтүстік пен батыста өрт қаупі жоғары.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде қатты жаңбыр. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда бұршақ күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары, кей аймақтарда өте жоғары.

Жетісу облысында найзағай, таулы аудандарда жел екпіні 23–28 м/с. Өрт қаупі жоғары, батысында өте жоғары.

Батыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысында күндіз найзағай, жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысында күндіз бұршақ, түнде тұман, найзағай. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысының орталығында күндіз найзағай, дауыл. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары, кей жерлерде өте жоғары.

Маңғыстау облысында өрт қаупі жоғары деңгейде.

Павлодар облысында түнде және күндіз найзағай, бұршақ. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 15–20 м/с, оңтүстікте 25 м/с-ке дейін.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары, шөлді аймақтарда өте жоғары.

Соңғы жаңалықтар