Қазақстанның 16 облысы мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 5 маусымда Қазақстанның 16 облысы мен үш мегаполисінде күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.
Астанада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Абай облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін.
Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
Көкшетауда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Кей аудандарда жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр.
Таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Петропавлда да күн райы қолайсыз болады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Өңірдің оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қаласында да жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауады.
Кей жерлерде найзағай болады.
Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Алматы қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Өңірдің бірқатар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында да төтенше өрт қаупі жарияланған.
Ұлытау облысының солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады.
Жезқазған қаласында жел күшейеді.
Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Облыстың бірнеше ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды боран болады.
Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі жарияланған.
Маңғыстау облысының орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болады.
Таңертең тұман түсуі мүмкін.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстігінде шаңды боран болады.
Шымкент қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Павлодарда ауыл жұрты экологиялық қолайсыз ортада өмір сүріп жатыр.