Қазақстанның 2025 жылы алған қарыздарының жартысынан көбі ескі қарызды жабуға жұмсалған

АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палата мүшесі Юлия Энгель Үкіметтің қарыз саясаты ескі борышты жаңа борышпен жабуға ойысып бара жатқанын айтты.

қарыз
Коллаж: Kazinform/Freepik

— Республикалық бюджеттің созылмалы тапшылығы, «аяқталмаған» жобалардың жоғары үлесі — осының бәрі блоктық бюджеттің толық күшіне енуіне мүмкіндік бермей жатыр. Қарыз саясаты барған сайын өтемақы сипатына ығысып барады. Оның басты бағыты даму емес, ағымдағы бюджеттік тұрақтылықты сақтау. 2025 жылы жаңа қарыздардың жартысынан көбі қолданыстағы қарызды қайта қаржыландыруға пайдаланылды, — деді ЖАП мүшесі Мәжілісте.

Дегенмен ол мемлекеттік борыштың мәні қауіпсіз шектен аспағанын айта кетті.

— Тәуекелдердің біршамасы квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік кепілдіктер жүйесі арқылы қалыптасып отыр, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол Үкіметтің тым оптимистік болжамдары болашақтың салық базасын сарқитынын айтты.