Төрт өңірде жолдар жабылды

жол жабылды
Фото: Kazinform

17 желтоқсан сағат 19.00-дегі жағдай бойынша төрт облыста республикалық маңызы бар 5 автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Оған аяз, жауын-шашын, боран мен екпінді жел себеп болды, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облысында — 1 учаске (84 км)

—  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 126-210 км, Құлсары қаласы — Маңғыстау облысы шекарасы.

Жамбыл облысында — 1 учаске (95 км)

—  «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы). 

Жетісу облысында — 1 учаске (100 км)

— «Үшарал — Достық» а/ж, Көктұма стансасы — Достық стансасы, 100 км.

Маңғыстау облысында — 2 учаске (515 км)

—  «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» а/ж 210-640 км, Атырау облысы шекарасы — Шетпе ауылы.

— «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» а/ж 0-85 км, Бейнеу ауылы — Өзбекстан шекарасы.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылған.  

Соңғы жаңалықтар