Қазақстанның 59 мыңнан астам тұрғыны қылмыстық және әкімшілік заңнаманы реформалауды қалайды

ҚР Президентіне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қылмыстық және әкімшілік заңнаманы реформалау жөніндегі ашық үндеуге 59 мыңнан астам адам қол қойған.

заң
Фото: freepik.com

Бұл туралы Kazinform eotinish.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, ашық үндеу eotinish.kz порталына жарияланды. Бүгінде үндеуді қолдаушылар саны 59 222 адамды құрап отыр.