Қазақстанның әр өңіріндегі педиатрға қаралу бағасы қанша
АСТАНА. KAZINFORM – Өскемен қаласында бүгін де қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала бар. Бұл жалпы халық санының 34,1%-ын құрайды. Бала санының жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, елдегі балалар дәрігерінің қызметіне деген сұраныстың арпаса кемімейтінін түсінеміз. Осы ретте, Kazinform агенттігінің тілшісі әр өңірдегі жекеменшік педиатрлардың алғашқы қабылдауының бағасы қандай екенін біліп көрді.
Биыл Қазақстан 17 жылда алғаш рет педиатр мамандарды оқытып шығарды. 2007 жылы Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары мамандарды даярлаудың жаңа моделіне көшкені белгілі. Осыдан кейін Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетінің педиатрия факультеті жалпы медициналық бағытқа енгізіліп, педиатрларды дайындау тоқтатылды. Араға 11 жыл салып, яғни 2018 жылы мамандық қайтарылып, биыл 130-дан астам адам балалар дәрігері атанды.
Жеке педиатрдың консультациясының ең арзан бағасы батыс өңірлерде байқалады. Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында педиатрдың алғашқы қабылдауы - 4 000-6 000 теңге аралығында.
Педиатр қабылдауының орташа бағасы Петропавл, Талдықорған және Тараз қалаларында тіркелді. Бұл қалаларда балаларды дәрігерге қарату үшін 5 000-6 000 теңге төлеу қажет.
Қостанай, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында педиатр қызметі сәл қымбатырақ. Мұнда орташа баға - 7 000 теңге. Ал Қарағанды, Қызылорда, Конев шаһарларында алғашқы жазылу 8 000 теңге тұрады.
Ақтау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан қалаларында орташа баға 10 000 теңгені құрайды.
Әдеттегідей ең қымбат баға Астана мен Алматыда байқалады. Елдің екі астанасында педиатрдың кеңесі 10 000-нан басталып, 15 000 теңгеге дейін жетеді.

Айта кету керек, баға дәрігердің тәжірибесіне қарай бекітіледі. Тиісінше, жас дәрігердің қызметі тәжірибелі әріптесіне қарағанда әлдеқайда арзан. Баға айырмашылығы 5 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда қарақұмық пен күріш бағасы қандай екендігін жазған болатынбыз.