Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның әуе көлігі саласында транзиттік әлеуеті жоғары - Бекен Сейдахметов

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадан шығатын рейстер артады. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.

Кипрмен әуе қатынасы ашылады
Фото: Көлік министрлігі

- Қазір әуежайда 2 мың 350 адам жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, әлі де мамандар жетіспейтіні байқалды. Жақында тиісті шешім қабылданды, яғни жұмысшылардың саны көбейтілмек. Өйткені, рейстердің көбейіп жатқынан ескере отырып, жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету мәселесі өзекті, - деді Бекен Сейдахметов.

Оның айтуынша, мамандар төрт ауысымда жұмысқа шығады. Күнделікті әр ауысымда 450-500 адам қызмет етеді.

- Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері аясында тиісті жұмыс іске асып жатыр. Бұл ретте үлкен транзиттік мүмкіндікті жүзеге асыру ескерілген. Қазір елімізде автожолдар жаңартылып, Еуропа пен Қытай арасында тауар тасымалдау әлеуеті артты. Теміржол саласында да жаңа бағыттар ашылып жатыр. Енді әуежай саласында да жолаушылар мен жүк тасымалында транзиттік мүмкіндікті арттыру керек. Осы орайда бізде ауқымды жоспар іске асып жатыр, - деді басқар төрағасы.

Оның пайымынша, төртінші мұнай өңдеу зауатының құрылысы мен қолданыстағы МӨЗ-дердің қуатын арттыру жоспары арқылы әуе көлігі саласын дамытуға жақсы жағдай жасалады. 

Еске салсақ, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады.