12 алтын, 24 күміс, 48 қола: Азиадада қай спортшылар тарихқа енді

АСТАНА. KAZINFORM — Ертең Жапонияда XX жазғы Азия ойындары аяқталады. Қазақстан құрамасы 84 медаль (12 алтын, 24 күміс және 48 қола) олжалап, 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Азиададағы 84 медалі: қай спортшылар тарихқа енді
Коллаж: Kazinform/ЖИ

2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан 11-орын алған еді. Осылайша, ұлттық құрама алдыңғы Азиадамен салыстырғанда үш саты жоғарылап, алтын медаль санын арттырды. Қазақстан құрамасы биылғы Азия ойындарында бірқатар олимпиадалық спорт түрінен ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижелерге қол жеткізді.

Биылғы Ойындардың басты жетістіктерінің бірі ретінде боксшылардың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алғанын айтуға болады. Бұған дейін ұлттық құрама Азиада алтынын соңғы рет 2014 жылы жеңіп алған болатын. Кейінгі екі Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады.

Төрехан Сабырхан
Фото: Kazinform

Жапонияда 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан және 90 келіден жоғары салмақта ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай чемпион атанды.

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына өтті
Фото: ҚР ҰОК

Сапымен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азиада тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Корея Республикасының құрамасын 43:42 есебімен ұтты.

Азиада-2026: қазақстандық семсерлесушілер алтын медаль үшін күреседі
Фото: ҚР ҰОК

Қарсылас команда сапында жекелей сында Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы атанған Пак Сан Ён да өнер көрсетті. Бұл жеңіс қазақстандық семсерлесушілер үшін тарихи жеңістердің заңды жалғасы болды.

Азиада-2026: қазақстандық семсерлесушілер ел қоржынына алтын медаль салды
Фото: ҚР ҰОК

Ұлттық құрама әуелі Азия чемпионатында топ жарып, кейін алғаш рет әлем чемпионы атанды, енді Азия ойындарының алтынын иеленді. Бұған дейін бір маусымда мұндай нәтижеге ешбір құрама қол жеткізбеген. 

Академиялық есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы алтын медальді сыйлады. Олар ерлер арасындағы қос ескекті қайық жарысында жеңіске жетті.

Владислав Яковлев и Иван Чернухин
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Таеквондодан Темірлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта топ жарып, Қазақстан тарихындағы осы спорт түрінен Азиаданың тұңғыш алтын медалін жеңіп алды.

Темірлан Тілеулес
Фото: Арлан Олжабай

Велошабандоз Алексей Луценко да тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

Алекцей Луценко
Фото: ҚР МОҚ

Ол жазғы Азия ойындарындағы алтын медальдарының санын алтыға жеткізіп, Азиададағы жеңіс саны бойынша Қазақстанның ең атақты спортшысына айналды.

Азиада-2026: Рината Сұлтанова омниумнан күміс медальға қол жеткізді
Фото: ҰОК

Ал Рината Сұлтанова жекелей жарыста топ жарып, Қазақстан әйелдер велоспорты тарихында Азия ойындарының алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы атанды. 

Жоламан Биғабыл
Фото: Жоламан Биғабылдың жеке мұрағатынан

Каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева ел қоржынына екі алтын медаль салды.

Каратистка Софья Берульцева принесла Казахстану четвертое золото Азиады-2026
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Берульцева үшін бұл – Азия ойындарындағы екінші чемпиондық атақ.

Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енген аралас жекпе-жекте де Қазақстан бірден үздіктер қатарынан көрінді.

Еркингали Буркуталин
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Еркінғали Бүркітәлі мен Қадырбек Шынбаев чемпион атанса, Санжар Әділов қола медаль иеленді. 

Қадырбек Шынбаев
Фото: Нұрғали Жұмағазы
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан Қазақстан құрамасы алғаш рет жекелей сында төрт финалға шықты.

ва
Фото: Сали Сабыров

Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова, Әділет Алмат және Ажар Асхат финалда жапониялық қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Дзюдошы Әділет Алмат алғаш рет жазғы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Әбиба Әбужақынова күміс жүлде жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
а
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Сондай-ақ Ұлттық құрама аралас командалық сында да күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан қатысқан бес финалдың барлығында Жапония балуандарымен белдесті.

Спорттық гимнастикадан Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Фото: ҚР ҰОК

Осылайша, Қазақстан бұл бағдарлама бойынша 32 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесіне қайта қол жеткізді.

Қазақстандық балуандардың нәтижесінде де оң өзгеріс байқалды. Еркін күрестен ұлттық құрама үш қола медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылғы Азия ойындарында бұл күрес түрінен Қазақстан жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер күресінде де нәтиже жақсарды. Биыл спортшыларымыз бір күміс және екі қола медаль иеленсе, 2023 жылы бір ғана күміс жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, күрес Қазақстанның жалпы медаль қорына тұрақты үлес қосып келеді. Қола жүлделер санының артуы қазақстандық балуандардың Азия деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Азия ойындары қарсаңында спорт федерациялары ұлттық құрамалардың нәтижесіне қатысты нақты міндеттемелер берген еді. Азиада қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігі осы міндеттемелердің орындалуына жан-жақты талдау жүргізеді.

Бұған дейін Азиаданың соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы кімдермен сынға түсетінін жазғанбыз.