06:00, 15 Сәуір 2024 | GMT +5
Қазақстанның басым бөлігінде бүгін жауын жауады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 15-і күнгі күні райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ағындардың өтуімен бұрынғысынша еліміздің көп бөлігінде күн жаңбырлы болады. Елдің оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.