Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ауа райы қандай болады
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, жаяу бұрқасын болжанады.

— Антициклон сілемінің ықпалында елдің батыс, оңтүстік өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Омбы-Майқапшағай» автожолында қозғалыс шектелгені хабарланды.