Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК мамандары ел аумағында 31 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Британияда қар жауды
Фото: Daily Express

- Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында қатты қар жауады, - деп жазды синоптиктер.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін мереке күндері ауа райы қандай болатыны хабарланған.